Қызметтер
Алтын және платина кепіліне берілетін микрокредит
Біз қабылдайтын бұйымдар:
- алтыннан жасалған бұйымдар (жүзік, сырға, білезік, шынжыр, танамоншақ (брошка), шаш қыстырғыштар, ілмектер, галстукке арналған қысқыштар және басқалар)
- гауһар тасы бар зергерлік бұйымдар
- платинадан жасалған бұйымдар
- алтын сынығы (жөндеуге болмайтын немесе мүмкін емес, тағып жүруге жарамсыз тауар түрі жоқ өнім)
- алтын монеталар
- құймалар
- алтын тіс тәждері
Біз:
Бұйымның салмағын 0,1 г дейінгі дәлдікпен анықтай аламыз. Бұл зергерлік бұйымдарға арналған арнайы электрондық таразылармен қамтамасыз етіледі.
Қымбат металдың 1 грамм құнын ең маңызды бағалар бойынша бағалаймыз. Сондай-ақ, өнімнің сыртқы түрі, оның жағдайы мен жасалған жылы ескеріледі. Біздің маманымыз сізге барлығын егжей-тегжей айтып береді.
Уақытыңызды үнемдейміз және біздің WhatsApp мессенджері арқылы бұйымның алдын-ала бағасын бере аламыз. Ол үшін ломбардқа салғыңыз келетін заттың сынамасы мен салмағын көрсете отырып, фотосуретін мына нөмірге жіберіңіз: +7 778 099 94 44. Сондай-ақ, сайтта көрсетілген калькуляторды пайдалана отырып, соманы өзіңіз есептей аласыз.
Сізге зергер керек болса:
Бізге микрокредит алу үшін ғана емес, басқа да мәселелермен хабарласссаңыз болады. Мысалы, кейде кез келген зергерлік бұйымды жөндеу және оны үнемі тазалап отыру қажет. Golden Capital желісінің әр бөлімшесінде зергерлер жұмыс істейді, олар сіздің зергерлік бұйымдарыңызды ретке келтіреді: үзілген жерлерді және жарықтарды жояды, кір мен тотығып қарайғаннан тазартады, түсін ажарлап, жылтыратады. Біздің ломбардта несиеңіз бар немесе жоғы маңызды емес. Сіз біздің зергерлердің клиенті бола аласыз.
Біздің дүкен:
Бізге түрлі себептерге байланысты иелері сатып алмаған өнімдер қажет емес. Сондықтан да осындай заттар сатылатын «Торги» дүкенін аштық. Белгілі жағдайға сәйкес олардың түржинағы (ассортименті) көп емес, бірақ сатылымға қойылған кез келген зат барлық талаптар бойынша тексерілген, таза тарихы бар және оның бағасы нарықтағыдан төмен болады. Сатылымға бұрын пайдаланылған да, мүлдем жаңа әшекейлер де қойылған.
Ең бастысы туралы қысқаша:
Сізге ақша алу үшін не қажет?
- Жеке куәлігіңіз
- Кепілге салғыңыз келетін өнім.
Біздің ломбардтарда шартты ресімдеу санаулы минуттардың ішінде жасалады.
Бар болғаны осы. Бізді сіздің несие алу тарихыңыз, табысыңыз, тіркелуіңіз, жұмыс орныңыздан алған анықтамаларыңыз, тіпті зейнетақы жинақтарыңыз да қызықтырмайды.
Ақша сіздің қолыңызда немесе картаңызға қаншалықты тез түсетініне таңқаласыз.
Айта кетерлік, сіз несиені өтеудің өзіңізге қолайлы тарифін таңдай аласыз. Сондай-ақ, қарызды қайта салу және оның мерзімін ұзарту, қарызды ішінара өтеу, мүлікті сатып алмай-ақ келісімшартты ұзарту мүмкіндіктерін ұсынамыз. Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызды мамандарымызға еркін қоя беріңіз. Олар бәрін біледі, сіз үшін қаншалықты жақсы және ыңғайлы болу керектігін айтады.
Golden Capital микрокредиттік ұйымының бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істейді. Кез келген уақытта хабарласыңыз.