Компания

Компанияның тарихы

Golden Capital компаниясының  даму тарихы бір шағын бөлімшеден басталып, Қарағанды облысының нарығында орын алған  қазіргі таңда  13 бөлімшеден құрылған ірі желісті ломбардтардың көлеміне жеткен

Golden Capital ломбардтар желісінің миссиясыGolden Capital

Әрбір жаңа ломбард бөлімшесінің ашылуымен, әрбір берілген несие арқылы  бізге клиенттердің қажеттіліктері мен ықыласын көбірек түсінетін болдық. Осының негізінде Golden Capital ломбардының келесідей миссиясы қалыптасты: «Әрбір тұтынушыға барлық кезеңдерде қаржылық қанағаттанушылықты және қолжетімді тарифтер мен кепілзатты, көшбасшының тәжірисін, кепілдіктері мен басқа да мүмкіндіктерін бағалау есебінен несиеден қанағаттануды қамтамасыз ете отырып, оның уақытша қаржылық қиындықтарының оңтайлы шешімін табу".

13 жыл бойы Golden Capital ломбардтар желісі өз клиенттеріне жаңа несие өнімдері мен қызметтерін ұсына отырып, өз миссиясын абыроймен ұстануда.

Golden Capital өз құндылықтарын биік ұстайды

Ломбард өз клиенттеріне өзара тиімді ынтымақтастықта болу  барлық жағдай жасайды. Біз кепілдің сақталуын қамтамасыз ету үшін көп күш жұмсаймыз. Ломбардтардың үй-жайлары сенімді қорғалады, сондай-ақ алған несиелерін уақтылы өтеуде қиындықтары бар клиенттердің кепілзаттары сақталады. Ломбард кепілзаттың меншік иелері үшін қаншалықты аса  құнды екеніне түсіністікпен қарайды  және клиенттер мұндай жағдайларда несиені ішінара өтеу немесе қайта салым қызметтерін пайдалана алуына бар күшін салады, сондай-ақ кепілзатты сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік беруі үшін мүмкіндік береді.

Арманды жүзеге асыруға арналған несие

Golden Capital ломбардының ұраны: «Арман алтыннан  да қымбат». Оны іске асыра отырып, Golden Capital өзінің географиялық аясын кеңейтіп, жаңа тарифтер мен қызметтерді енгізуде, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып отырады, асыл металдың грамы үшін жоғары баға белгілейді, тұрақты клиенттерін көтермелеу үшін Бейілділік бағдарламасын пайдаланады. Сондықтан біздің несиелеріміз клиенттерге өз армандарын осы жерде және дәл осы сәтте жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Golden Capital ломбардтарының қолданыстағы несие беру шарттары мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі және бір грамм алтын бағасы бойынша әр клиенттің  сұраныстарына сәйкес келетін оңтайлы тарифтік жоспарды таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша  Golden Capital несиелерін әрбір клиент үшін  тартымды етеді.

Golden Capital  ломбардының клиентті түсіну, заманауи қызметтерді енгізу және көп жыл бойы атқарып келетін жұмыс тәжірибесі табысқа жетудің кепіліне айналды және Ломбардтың Қарағанды облысының нарығында берік орын алуға мүмкіндік берді.