Жиі қойылатын сұрақтар
Golden Capital-дан микрокредитті қалай алуға болады?
Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз және кепілге салытанытн затыңызбен (алтын немесе гауһар тасы бар алтыннан жасалған бұйым) бірге Golden Capital ломбардының кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз
Кепіл ретінде қандай бұйымдар қабылданады?
Алтын немесе гауһар тасы бар алтыннан жасалған бұйымдар, сондай-ақ алтын сынығы қабылданады
Несиені ресімдеу үшін жеке басты куәландыратын құжат жеткілікті ме?
Иә. Жеке куәлік, төлқұжат немесе тұруға рұқсат етілген ықтиярхаты жеткілікті
Бұйымды ресімдеу және оны бағалау қанша уақыт алады?
Жалпы барлығына 5-10 минут кетеді.
Мен ломбардқа бармай-ақ бұйымның бағасын алдын ала біле аламын ба?
Иә, Golden Capital ломбарды 8 708 0 999 444 WhatsApp нөмірі арқылы «Бұйымды алдын ала бағалау» қызметін көрсетеді, бұл қызмет түрі клиентке үйінде немесе жұмыс орнында отырып, ломбард бөлімшесіне келмей-ақ, алуға болатын қолжетімді соманы білуге мүмкіндік береді.
Ломбард бөлімшесін қалай таба аламын?
Golden Capital ломбардының бөлімшелерін 2 gis анықтамалығы арқылы, «Біздің бөлімшелер» атты мобильді қосымшаның бөлімінен таба аласыз
Мен микрокредитті қандай мерзімге ала аламын?
Микрокредит алу туралы келісімшарт 30 күнге жасалады, сондай-ақ клиенттің негізгі мерзімнен кейін тағы да кепілдік мерзімінің 30 күні бар, осы кезеңде кепіл ломбардта сақталуда, осы мерзім ішінде клиент әлі де өзінің микрокредитін сатып ала немесе ұзарта алады.
Микрокредит мерзімін ұзарта аламын ба?
Иә, сіз қарызды пайдаланған нақты күндер үшін сыйақы сомасын қоса отырып, өзіңіздің микрокредитіңізді ұзарта аласыз.
Микрокредитімді қалай ұзартуға болады?
Микрокредитті Golden Capital ломбардының бөлімшесіне келіп ұзартуға немесе Golden Capital ломбардының мобильді қосымшасын пайдалануға, ақшаны QIWI төлем компаниясының терминалдары арқылы жөнелтуге болады
Микрокредит бойынша бүгінгі күнгі қарызымды қалай білуге болады?
Микрокредит бойынша берешегіңізді сізге қызмет көрсеткен бөлімшенің телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады (телефонды кепіл билетінде, сайттағы "Біздің бөлімшелер" қосымша бетінде, 2gis анықтамалығында, Golden Capital-дың мобильді қосымшасында), сайттағы «Берешекті тексеру» қызметін немесе Берешекті тексеру» қызметінің мобильді қосымшасы арқылы білуге болады
Мен үшін микрокредитті үшінші тұлға ұзарта ала ма?
Иә. Сіз үшін сыйақы сомасын төлейтін адам біздің кассаға ақша енгізілгенін растайтын чек алады.
Үшінші тұлға менің кепілімді сатып ала ала ма?
Үшінші тұлға тек сізден нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған жағдайда ғана Сіздің кепілдігіңізді сатып ала алады, сенімхатта сіз өзіңіздің Golden Capital ломбардынан бұйымыңызды сатып алу құқығын үшінші тұлғаға беретініңіз көрсетілетін болады.